Ғалымдар: «Спутник V» вакцинасын басқа екпе түрлерімен біріктіруге болады

31 Шілде 2021, 11:27
2723
Бөлісу:
Ғалымдар: «Спутник V» вакцинасын басқа екпе түрлерімен біріктіруге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аргентиналық ғалымдар «Спутник V» коронавирусқа қарсы вакцинасын басқа екпелермен біріктіру қауіпсіз екенін алға тартты. 

Бұл туралы Риа Новости хабарлады. 

Буэнос-Айрес провинциясының Денсаулық сақтау министрлігі тәжірибе жүзінде жүргізіп жатқан зерттеу нәтижелері бойынша «Спутник V» вакцинасының Sinopharm және AstraZeneca-мен бірігуі кері жанама әсерлерін көрсетпегенін хабарлады, - делінген хабарламада.

Зерттеу нәтижесінде пациенттердің 41,6 пайызында ешқандай реакция байқалмаған. 8,4 пайыз екпе алушылардың қызуы көтеріліп, 50 пайызында инъекция орны ауырсынған.

Жобаға 18 жастан асқан азаматтар қатысуда. Зерттеу бойынша олар бұған дейін короновируспен ауырмауы керек.

Зерттеу вакциналар комбинациясының жоғары қауіпсіздігін көрсетті, - деді елдің Денсаулық сақтау министрлігі.

Буэнос-Айресте вакциналар комбинациясы бойынша зерттеулер биылғы жылы бастау алған. Ғалымдардың айтуынша, зерттеу нәтижелері жақын арада жарияланатын болады.

Өзгелердің жаңалығы