Ғалымдар сергек ұйқының құпиясын анықтады

19 Қыркүйек 2021, 16:53
18357
Бөлісу:
Ғалымдар сергек ұйқының құпиясын анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар сергек ұйқының құпиясын анықтады. Ресейдегі сомнология орталығының мамандары адамның ұйқы қажеттілігі тамақтанудан да маңызды екенін айтты, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Олар түнгі ұйқыға 22:00 мен 23:00 аралығында жатқан дұрыс деп есептейді. Оның өзінде, ұйқыңыз келсе ғана ұйқтаған жөн.

Ал ұйқыдан ояну уақыты сағат нешеде ұйқтағаныңызға қарамастан күнде бір уақытта орын алуы тиіс. Осы орайда мамандар тоғыз сағаттан артық ұйқы адам организміне зиян деп отыр. Ал күннің екінші жартысында кофеинді шамадан тыс тұтынбауға кеңес береді.

Сомнологтар төсекте жатып жұмыс істеу, фильм көру және қарым-қатынасты талқыға салуға болмайтындығын алға тартты.

Сондай-ақ ұйықтардан екі сағат бұрын смартфон, компьютер, планшет пен өзге де құрылғыларды қолданудан бас тарту қажет. Ал күндіз сағат 15:00-ден кейін ұйықтаудың еш пайдасы жоқ көрінеді.

Ұйқыға жатардан бір сағат бұрын ыстық душ қабылдаған пайдалы. Бұл дене температурасын төмендетіп, организмге ұйқыға дайындалуға көмектеседі деп отыр ғалымдар.

Өзгелердің жаңалығы