Бас жаңалықтар
Ғалымдар отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу технологиясы туралы айтып берді
27 Қаңтар 2021, 10:07 184

Ғалымдар отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу технологиясы туралы айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу барысында жылдар бойы жақсы нәтиже беріп келген технология қолданылды. Вакцинаның барлық құрамдас бөлігі басқа да вакциналарды әзірлеу кезінде пайдаланылып келеді, сондықтан сенімді компоненттерден тұрады.             

БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, инактивті вакцинаның платформасы қауіпсіз. Халықтың көпшілігі вакцинаның құрамындағы компоненттерді басқа да вакциналар арқылы бұған дейін де қабылдаған. QazCovid-in препаратын әзірлеу барысында пайдаланылған жалғыз жаңа компонент – белсенді емес вирус. 

Инактивті вакцинаны дайындау технологиясы қарапайым. Ол басқа вакциналарға қарағанда қауіпсіз әрі тиімді әсер етеді. Вакцинаны егу нәтижесінде мықты иммунитет қалыптасады. Мысалы, ауырып, кейін сауыққан адамда пайда болатын иммунитетпен салыстыруға болады. Инактивті вакцинаны дайындау үшін пайдаланылған компоненттердің басым бөлігі ондаған жылдар бойы ғылыми тұрғыда пайдаланылып келеді. Олардың зияны болмаған. Сондықтан біз QazCovid-in әзірлеу үшін вакцинаның инактивті түрін таңдадық, – деді БҒМ Ғылым комитетіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғалымы, вирусолог, доктор, профессор Леспек Кұтымбетов.
Бұған дейін вакцинаны әзірлеген ғалымдар, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ерлан Карин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожин клиникалық зерттеулерден тыс, ерікті түрде отандық вакцинаны салдырған болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...