Ғалымдар обырды емдеуде ең жақсы көмектесетін өсімдіктерді анықтады

28 Мамыр 2019, 16:10
3637
Бөлісу:
Ғалымдар обырды емдеуде ең жақсы көмектесетін өсімдіктерді анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сингапур ғалымдары зерттеу жұмысын жүргізді. Оның нәтижесі бойынша обырға қарсы ерекше әсері бар өсімдіктер анықталған. Эксперимент нәтижелері туралы Medicalnewstoday хабарлады. 

Medical News Today мәліметінше, обыр ісіктерінің өсімін тежеуге септігін тигізетін 3 түрлі өсімдік өз тиімділігін көрсеткен. 

Бұл өсімдіктер көбінесе Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан елдерде обырға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектерде жиі қолданылады. Сол себепті Сингапур ғалымдарының таңдауы осы өсімдіктерге түскен. 

Ғалымдар жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесінде мынандай өсімдіктердің обырға қарсы тиімділігі расталған:  

·         бандикут жидегі (бандикутовая ягода) (Leea Indica); 

·         белалай гаджа (Clinacanthus Nutans); 

·         вампи (Clausena lansium); 

·         бөденешөп (вернония) (Vernonia amygdalina); 

·         үшжапырақты изен (прутняк трехлистный) (Vitex trifolia). 

Ғалымдар өсімдіктердің зақымдалмаған және толық өсіп жетілген, әрі балғын жапырақтарын таңдап алып, олардан емдік экстрактілер алған. 

Зерттеу жүргізу барысында мамандар аталған өсімдіктердің жатыр, жатыр мойнағы, бауыр, тоқішек, сүт бездері, аналық бездердің обыр жасушаларына және лейкемияның, яғни қан құрамындағы обыр жасушаларына әсерін анықтаған.  

Обыр жасушаларына қарсы әсері айқын білінген 3 өсімдік түрі ерекшеленген. Олар: 

·         бандикут жидегі (бандикутовая ягода); 

·         бөденешөп (вернония); 

·         үшжапырақты изен (прутняк трехлистный). 

Олар обыр жасушаларының қай жерді зақымданғанына қарамастан сол ауру ошағын бәсеңдетіп, аурудың оң динамикасына жетуге септігін тигізген. 
 

Өзгелердің жаңалығы