Ғалымдар мұздықтардың еруі ғаламшарға қандай зардап әкелетінін айтты

3 Сәуір 2021, 22:32
3232
Бөлісу:
Ғалымдар мұздықтардың еруі ғаламшарға қандай зардап әкелетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияның Дарем университетінің ғалымдары әлемдік мұхиттағы мұздықтың еру салдарын зерттеді. Сонымен қатар болашақта осындай сценарийдің қайталануын зерделеді.

Олар өз зерттеулерін Nature Communications ғылыми журналында жариялады.

Сарапшылар геологиялық деректерді талдаудан өткізіп, әлемдік мұхиттағы мұздықтардың соңғы кенеттен еруі 14600 мың жыл бұрын болғанын анықтады. 

Оған ғаламшардың солтүстік жарты шарында орналасқан мұздықтардың кенеттен еруі себеп болды. Сол кезеңде Антарктиданың мұздықтары әлі ерімеген еді.

Зерттеу материалдарына сүйенсек, мұздықтар қарқынды еріп, әлемдік мұхит деңгейі 500 жылда 18 метрге дейін көтерілді. Адам іс-әрекетінің климатқа әсерін ескеретін болсақ, бұл ғалымдар тіркейтін теңіз деңгейі көтерілуінен қарағанда 10 есе тез.

Ғалымдар бұрын мұздықтар не себепті бұлай қарқынды ерігенін түсіндіре алмайды. Оған жанартаулардың атқылауы себепші болуы мүмкін деген тұжырым бар. Зерттеу жүргізген мамандардың айтуынша, осы тәріздес сценарий қайталануы ықтимал. Дегенмен мұздықтардың еру мүмкіндігі мен оның салдарын нақтырақ анықтау үшін көптеген дерек қажет.  


Өзгелердің жаңалығы