Бас жаңалықтар
Ғалымдар: КВИ-дің ауыр ағымы адам нәсіліне байланысты
24 Қаңтар 2021, 16:53 391

Ғалымдар: КВИ-дің ауыр ағымы адам нәсіліне байланысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың ауыр ағымы және вирусқа байланысты өлім-жітім адам нәсіліне байланысты. Мария патшайым атындағы Лондон университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келді.

Зерттеу нәтижелері BMJ Open порталында жарияланды.

Ғалымдар Barts Health NHS Trust қорының қолдауымен COVID-19-ға шалдыққан жасы 16-дан асқан 1731 адамды зерттеді. Оның ішінде 538 адам - азиат, 340 адам - қара нәсілді, ал 707 адам - ақ нәсілді болды.

Белгілі болғандай, Азиядан шыққан адамдар мен қара нәсілді адамдар ақ нәсілді адамдарға қарағанда қарқынды терапия бөліміне екі есе көп түсіп, жасанды тыныс алу аппаратына жиі қосылған. Бұдан бөлек ақ нәсілділерге қарағанда азиаттар арасында өлім-жітім 1,5 есе көп тіркелген, - деп атап өтті зерттеу жүргізген ғалымдар.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...