Ғалымдар кофенің бауырға пайдасын анықтады

22 Маусым 2021, 17:37
1973
Бөлісу:
Ғалымдар кофенің бауырға пайдасын анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар кофе ішу бауырдың созылмалы ауруларының асқыну қатерін төмендететіндігін анықтады. Бұл деректі Саутгемптон университеті мен Эдинбургтегі Корольдік медициналық зерттеулер институтының ғалымдары алға тартты деп жазды ria.ru.

Ғалымдар 11 жыл бойы 500 мыңға жуық адамның бауырына зерттеу жүргізген. Нәтижесінде олар 3600-дан астам бауырдың созылмалы ауруын, сондай-ақ, 301 өлім-жітім жағдайын тіркеген. 

Талдаулар көрсеткендей, дене салмағының индексі есебін жүргізгеннен соң ішімдік ішіп, темекі шеккендерге қарағанда кофені кез келген мөлшерде ішкен адамда бауырдың созылмалы немесе ісіктік ауруларының өршу қатері 20%-ға төмен болған. Кофесүйер жандарда аталған дерттерден көз жұму қаупі 49%-ға аз болып шықты.

Зерттеулердің қорытындысы бойынша кофе ішу бауырдың ауыр кеселдерінен қорғайды, - деді жұмыс авторларының бірі, профессор Пол Родерик. 

Осы орайда, ғалымдар бауыр ауруынан тек қана сусынның көмегімен арылу мүмкін еместігін алға тартуда. Мамандар алкоголді ішімдік ішпей, дұрыс тамақтанып, дене шынықтырумен айналысу арқылы қалыпты салмақты сақтауға болады дейді. 

 Бауырдың созылмалы дерті – әлемдегі денсаулық сақтау саласындағы күрделі проблемалардың бірі. Көбінесе бұл дерт күнкөріс деңгейі орташа және төмен Африка, Орталық және Оңтүстік Америка, Шығыс Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жиі кездеседі.


Өзгелердің жаңалығы