Ғалым: Сталиннің қазақ халқын қырып тастауға мүмкіндігі бар еді

28 Мамыр 2021, 13:17
7418
Бөлісу:
Ғалым: Сталиннің қазақ халқын қырып тастауға мүмкіндігі бар еді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі ғалым Талас Омарбек ашаршылықты геноцид деген пікірге қатысты ойын айтты. 

Ол Сталин егер қазақ халқын қырып, жер бетінен жойып жіберуге негізгі бірнеше себебі болғанын айтты.

Сталин қазақты ұлт ретінде жойып жіберемін десе қолында тұрған болатын. Ол әрекетке баруына сылтауы да дайын еді. Бірақ Сталин үшін қазақты қыру тиімсіз болды. Себебі ешбір славян халқы Сталинге 40 млн қойды бағып бермесі белгілі. Ал қол астында дайын тұрған қойшыдан айырылуға Сталиннің де ниеті жоқ еді, – дейді ғалым.

Ол Сталиннің қазақ ұлтын қырып тастауына негіз болатын себептерді атады.

Сол кезде қазақ даласы 370-тен астам көтеріліс жасады. Бұл оңай дүние емес. Ал осы көтерілістерді сылтау етіп, отырықшылыққа, колхоздастыруға бағынбады деп тұқымымен құртып жіберуіне болатын еді. Екінші, отырықшылықтан, колхоздастырудан қашқан сол кездегі шекара маңындағы елдерден 80 мыңнан астам қазақ шет елдерге көшіп кетті. «Ақыры Қазақстанда тұрғыларың келмейді екен» деген сылтаумен Сталин осы жолы да қазақты қырып тастауға мүмкіндігі бар еді. Бірақ оған барған жоқ, – деді Талас Омарбек.
Бұған дейін ғалым көзі тірі болғанда Абайды да кәмпескелейтінін айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы