Ғалым: «Спутник V» КВИ-дің британиялық штамына қарсы тиімділігін көрсетті

28 Ақпан 2021, 23:02
1784
Бөлісу:
Ғалым: «Спутник V» КВИ-дің британиялық штамына қарсы тиімділігін көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей ғалымдары «Спутник V» вакцинасы COVID-19 жаңа мутацияларына қарсы тиімді деген қорытындыға келген.

Н.Ф Гамалей атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығында жүргізілген соңғы тәжірибелік зерттеулердің нәтижесі вакцинаның коронавирустың жаңа мутацияларына, оның ішінде британиялық және оңтүстік африкалық штамдарға қарсы өте жақсы жұмыс істейтіндігін дәлелдеді, - деді орталық директорының орынбасары Денис Логунов.
Зерттеудің толық нәтижелері жақын арада әлемдік ғылыми басылымдарда жариялау жоспарланған.

«Спутник V» сияқты вирустық векторлық вакциналарда, адам ағзасында коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін қажет генетикалық ақпаратты жеткізуде, тасымалдаушылар ретінде зиянсыз модификацияланған вирустар қолданылады.

Еске салсақ, Қазақстанда 1 ақпаннан бастап ресейлік коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы салына бастады. Оны ең алдымен медицина қызметкерлері алды. Ал Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері арасынан вакцинаны алғашқылардың бірі болып еліміздің бас санитары Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният еккізді. 22 ақпанда вице-министрлер вакцинаның екінші дозасын салдырды. Әзірге елімізде аталған вакцинаның кері әсерлері тіркелмеді.

Өзгелердің жаңалығы