Ғалым балалар вакцинациясы туралы: Pfizer-дің қауіпсіздігі дәлелденген
15 Қараша 2021, 10:55 104

Ғалым балалар вакцинациясы туралы: Pfizer-дің қауіпсіздігі дәлелденген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман хабарлады. Сондай-ақ ол ревакцинациядан өтуді, сондай-ақ жасөспірімдерге екпе салуды ұсынды.

Біз балалар қоғамның ең мобильді бөлігі екенін, олардың ересектермен де, құрдастарымен де байланыс жасайтынын, мектепке баратынын, сондықтан олардың инфекцияның тасымалдаушы екенін түсінуге тиіспіз. Сондықтан көптеген елдерде балаларды вакциналау туралы шешім қабылданды. 2000-ден астам балаға жүргізілген клиникалық зерттеулер Pfizer вакцинасының қауіпсіз және тиімді екенін көрсетті, – деп атап өтті Алмаз Шарман.

Сонымен қатар ол барлық егулер иммунитетті өмір бойын қалыптастырмайтынын, кейбір инфекциялардан әрбір бес, он жыл сайын, ал тұмау сияқтылардан жыл сайын егілу керектігін еске салды.

Уақыт өте келе вакцинаның әсері төмендейді, оның үстіне, COVID-19-дың жаңа штамдары пайда болады. Қайта егу жаңа коронавирус инфекциясының барлық штамдарынан қорғау үшін антиденелердің жеткілікті деңгейін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жақында Израильде кең ауқымды зерттеу жүргізілді, бұл вакцинациядан өткендердің барлық жас топтарында, әсіресе, егде жастағы адамдарда иммундық жауап уақыт өте келе төмендегенін көрсетті. Сондықтан екпе салдырған соң 6 айдан кейін ревакцинацияны ұсынатын ғылыми негіздеме бар, – деді ғалым.
Еске сала кетейік, бұған дейін ғалым коронавирус бізден оңайлықпен кете қоймайтынын айтқан болатын.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...