Гаитиде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 мыңға жуықтады

7 Қыркүйек 2021, 14:45
6298
Бөлісу:
Гаитиде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 мыңға жуықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гаитиде орын алған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 248 адамға жетті. Бұл туралы аталған елдің азаматтық қорғаныс басқармасы хабарлады.

Бұған дейін зілзала салдарынан 2 207 адам қайтыс болғандығы айтылған еді. Ведомство таратқан деректер бойынша, апаттан 12 763 адам зардап шеккен. 329 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Аймақтағы 53 мыңнан астам ғимарат толықтай, 83 мыңнан астам жартылай қираған.

Еске сала кетейік, 14 тамыз күні таңертең Гаитиде 7,2 магнитудалы жер сілкінісі орын алған болатын. Зілзала ошағы 125 мың тұрғыны бар Ле-Ке коммунасынан 40 шақырым жерде орналасқан. 10 шақырым тереңдікті құраған ошақ Оңтүстік, Гранд-Анс және Нипп департаменттеріне айтарлықтай зиян келтірді. Үкімет бір айға төтенше жағдай режимін енгізді. 150-ден астам жергілікті, сондай-ақ АҚШ, Бразилия, Ұлыбритания, Колумбия, Мексика, Франциядан келген құтқарушылар жоғалғандарды іздестіру жұмыстарына атсалысты. Биліктің айтуынша, үйінділердің астынан бірнеше ондаған адам шығарылған.

Өзгелердің жаңалығы