Гаити Сенатында атыс болды

24 Қыркүйек 2019, 09:30
1474
Бөлісу:
Гаити Сенатында атыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатор Гаити премьер-министрі кандидатурасына дауыс беру кезінде оқ жаудырған, деп хабарлады korrespondent.net.


Associated Press агенттігінің фотографы мен Сенат аппаратының қызметкеріне оқ тиді. Екі адам ауруханаға жеткізілді. Олардың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Кейіннен атысты бастаған сенатор Жан-Мари Ральф Фетье парламент ғимаратына кірген шерушілерден қорғану үшін оқ жаудырғанын айтып ақталды. Төтенше оқиға салдарынан дауыс беру рәсімі кейінге қалдырылды. Оның уақыты нақты белгіленген жоқ.


Өзгелердің жаңалығы