Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды

21 Қаңтар 2021, 19:15
3216
Бөлісу:
Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.  

Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.  

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, «Болашақ» бағдарламасымен неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебінде оқыды, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі.   

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тәлімгер-оқытушы болып бастаған.  

1999-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды. 

2008-2012 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы. 

2012-2013 жылдары — ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы. 

2013-2015 жылдары — ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары. 

2015-2017 жылдары — Шымкент қаласының әкімі. 

2017-2018 жылдары — «Нұр-Отан» партиясының хатшысы. 

2018-2019 жылдары — Шымкент қаласының әкімі. 

2019 жылғы қараша айынан қазірге дейін ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің қаулысымен Өркен Серікқалиұлы Бисақаев берген өтінішіне сәйкес ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды. 

Өркен Бисақаев 1977 жылы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 

Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін тәмамдаған.  

Әр жылдары Маңғыстау облысы әкімдігінің құрылымында жұмыс істеген.  

2019 жылғы мамырдан қыркүйек айына дейін «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. 

2019 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы