Бас жаңалықтар
Ғабидолла Әбдірахымов Kazakh Tourism директорлар кеңесінің төрағасы болды
26 Ақпан 2021, 22:23 648

Ғабидолла Әбдірахымов Kazakh Tourism директорлар кеңесінің төрағасы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде ұлттық компания директорлар кеңесінің жаңа төрағасын тағайындау мәселесі болды. Бұл ретте отырысқа қатысушылар Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымовтың кандидатурасына бірауыздан қолдау білдірді.

Өз сөзінде вице-министр Мемлекет басшысы мен Үкіметтің өңірлердегі туристік салаларға инвестиция тарту жөнінде тапсырмасы берілгенін атап өтті.

Салалық мемлекеттік бағдарламаны тиімді жүзеге асыру үшін өңірлермен бірлесіп туризм саласының әртүрлі жобаларына 1,1 трлн жекеменшік және мемлекеттік инвестиция тартуымыз қажет. Бұл 22 мың қазақстандықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді, - деді ол.



Фото: дереккөз
Загрузка...