G20 саммитіне дайындық жүріп жатыр

29 Қазан 2021, 13:36
7891
Бөлісу:
G20 саммитіне дайындық жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Үлкен жиырмалық» елдері пандемиядан кейінгі алғашқы саммитін өткізеді. Италия астанасы осыған қызу дайындалып жатыр. Кездесу ертең басталады деп жазды 24.kz. 

Бірақ Қытай мен Ресей басшылары онлайн қатысады. Ал осымен 16-мәрте ұйымдастырылып отырған басқосудың басты тақырыптары - пандемиядан кейінгі әлемдік экономиканы қалпына келтіру мен климаттың өзгеруімен күрес. Сонымен қатар Иранның ядролық бағдарламасы да қаралады.  

Шотландияның Глазго қаласындағы климаттың өзгеруімен күрес бойынша халықаралық конференция алдағы жексенбіде басталады. Шараға 200-ден астам елдің өкілдері қатысады. Кездесуде 2015 жылы ғаламдық жылынумен күрес бойынша Париж келісімшартына қол қойылғаннан кейін атқарылған іс-шаралар мен келешекте қолға алынатын бастамалар талқыланады. 

Мақсат - ауаға көміркішқыл газын шығару мөлшерін азайтып, климаттың жылынуын тоқтату. Кездесу алдында табиғатты қорғаушылар да белсенділік танытып, түрлі шерулер ұйымдастырып жатыр.   

 

Қазір әлемнің көп елінде климаттық төтенше жағдай орнаған. Орман өрті, су тасқыны көбейді. Әлем басшылары мұның барлығын біледі. Сондықтан олар Глазгода климаттың өзгеруіне байланысты апатты жағдайдың туындауының алдын алу үшін нақты шаралар қабылдауы керек, - дейді Glasgow Actions ұйымының басшысы Эндрю Наздин.

 



 

Өзгелердің жаңалығы