G20: Ірі компанияларға салынатын салықты ұлғайту ұсынылды
31 Қазан 2021, 17:59 99445

G20: Ірі компанияларға салынатын салықты ұлғайту ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Римде өтіп жатқан «Үлкен жиырмалық» елдерінің саммитінде ірі компаниялар үшін салынатын салық мөлшерін көбейту мәселесі сөз болды. 

Жиынға қатысушылар ірі компаниялар үшін кіріс салығы 15 пайыздан кем болмауы тиіс деген байламға келді.

Бұл арқылы олар трансұлттық компаниялардың активтерін оффшорларға жасырып, көлеңкелі бизнеспен айналысуына тосқауыл қоймақ. АҚШ көтерген бұл бастама 2023 жылғы қарай іске аса бастайды. Ресми Вашингтон аталған пакт салық жеңілдіктеріне нүкте қоюы керек деп мәлімдеді.

Дамушы елдер реформалар нәтижесінде кірістің барлық түрлерінің едәуір өскенін көреді. Адамдар мөлшерлеменің жоғары болғанын талап ете алады. 15 проценттің өзі жақсы болар еді. Осы тарихи реформаны жасай алсақ, жағдай жақсарар еді, – деді ЭЫДҰ бас хатшысы Матиас Корманн.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Үлкен жиырмалық" кезектен тыс отырыс өткізетінін хабарлаған болатынбыз.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...