Бас жаңалықтар
Ғ.Мүсірепов театрының жаңа маусымы жас режиссердің қойылымымен ашылады
07 Қыркүйек 2021, 17:04 125

Ғ.Мүсірепов театрының жаңа маусымы жас режиссердің қойылымымен ашылады

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 76-маусымы ашылады. 

Жаңа маусым Фархад Молдағалидің режиссерлігімен сахналанған «Махаббат, қызық мол жылдар» қойылымымен ашылмақ.

Сондай-ақ 8, 9, 10 қыркүйек күндері театр сахнасында Оралхан Бөкейдің әңгімесі желісінде қойылған «Қар қызы» драмасының тұсаукесері өтеді. Қойылымның қоюшы-режиссері – Шағуан Үмбетқалиев.

Театрдағы қойылымдардың апталық репертуары театрдың әлеуметтік желідегі парақшаларына шықты. Билеттерді кассадан немесе сайттан сатып алуға болады. Сұлу да бекзат өнер ұжымы өз көрермендерін асыға күтеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...