G-Global-ды дамыту коалициясы - "жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасында қоғамдық провайдер - экология министрі

11 Қазан 2019, 10:21
2069
Бөлісу:
G-Global-ды дамыту коалициясы - "жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасында қоғамдық провайдер - экология министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Климат жөнінде өткен саммит әлемдік банк секторының үштен бір бөлігін құрайтын 130 банк өздерінің коммерциялық қызметінде Париж келісімінде көзделген мақсаттарды орындау міндетін алып отыр. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты. 

Қазір Нұр-Сұлтанда "Жасыл офис" республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтіп жатыр

Экология министрі байқаудың тиімділігі туралы айтып, ұйымдастыру ұйымның еліміздегі "жасыл экономикаға" қосып жатқан үлесін ерекше атап өтті.

«Бұл шара біздің тұрақты серіктесіміз - «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының» бастамасымен ұйымдастырылды. Аталған Коалиция Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыратын қоғамдық провайдер болып табылады. Ол экология саласындағы озық реформаларды іске асыруда мақсатында халқымызды белсенді түрде жұмылдыруда», - деді министр. 

Сонымен қатар, Мағзұм Мырзағалиев әрбір тұрғын қоршаған ортаға әсер ететін қызметіне жауапкершілікпен қарап, экономиканың  барлық секторындағы ресурсты үнемдеу үрдісіне қатысуы керегін жеткізді. 

«Бүгінде 62 кеңсе «жасыл кеңсені» құру туралы бастаманы қолдап, қоқысты бөлек жинауды жүзеге асырды. Оның ішінде электр энергиясын, су ресурстары мен жауапкершілік сатып алулар, кеңсені жасылдандыру, қызметкерлермен жұмысты ақпараттандыруды қамтамаыз ету де бар. Өмір сүрудің жасыл салты қоғамды экологияландырудың қажетті бағыттарының бірі. Аталған конкурсқа қатысқан әрбір ұйым  «жасыл стандарттарды» енгізу мәртебесін көтеріп жатыр», - деді министр. 

Сонымен қатар,  министр білім беру, денсаулық сақтау, қаржы, мемлекеттік басқапу және бизнес саласы бойынша  20 жеңімпаз «Green office» арнайы белгісі мен дипломдарға ие болатынын айтты.

«Келесі жылы да біздің банк секторы  шетелдік қаржы институттарды қабылау  осы сынды шараларға белсенді қатысады деп ойлаймын. Климат бойынша өткен саммит көреткендей, 130 банк Париж келісімінде белгіленген мақсаттарды коммерциялық мақсатта қолдануды бастады», - деді ол. 

Сонымен қатар, министр  алдағы уақытта, қоғамды экологиялындыруға және жасыл экономика мен қоршаған орта саласында мемлекеттік саясатты дәріптеуге бағытталған осындай іс-шараларды өткізуде тығыз қарым-қатынас жасайтынына сенім білдірді.
Өзгелердің жаңалығы