Футзалдан Қазақстан суперкубогі Атырауда өтеді

11 Қыркүйек 2019, 20:38
1582
Бөлісу:
Футзалдан Қазақстан суперкубогі Атырауда өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футзалдан Қазақстан суперкубогін «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары сарапқа салады, деп хабарлады Olympic.kz. 

Кездесу 14 қыркүйек күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» спорт кешенінде  өтеді. Дәл осы күні ҚР Кубогінің 2019-2020 жылғы жаңа маусымның іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. 

Іріктеу кезеңдері 15-18 қыркүйек күндері «Атырау» және «Жайық» спорт кешендерінде өтеді. Оған Қазақстанның кәсіби футзал командаларымен әуесқой спорт командалары да қатысады. 

«Қайрат» (Алматы), «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Аят» (Рудный), «Жетісу» (Талдықорған), «Оқжетпес» (Көкшетау) және «Каспий» (Ақтау) кәсіби футзал командалары Қазақстан кубогы үшін алаңға шығады. Ал әуесқой командалар саны жарыс алдында берілген өтінім бойынша белгілі болады. 

Өзгелердің жаңалығы