Бас жаңалықтар
Футзалдан Қазақстан кубогі елордада өтеді
26 Қыркүйек 2020, 12:45 203

Футзалдан Қазақстан кубогі елордада өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футзалдан Қазақстан кубогі Нұр-Сұлтанда өтеді деп жоспарлануда, деп хабарлады olympic.kz.

Кезекті кубоктік дода 2020 жылдың 5-12 қазаны аралығында өтеді. Жарысты елордадағы «Сайран-Арена» спорт кешені қабылдайды. Турнирге жалпы есебі 10 команда қатысады. 12 қазан күні жарыс жеңімпазы анықталады.    

Сондай-ақ, құрлықтық хоккей лигасында сынға түсетін астаналық «Барыстың» кейінге ауыстырылған матчтарының жаңа мерзімі белгілі болды. Сырт айдында өтетін «Сочи» мен «Барыс» арасындағы кездесу 28 қазанға жоспарланған. Ал «Кунлунь» мен «Барыс» арасындағы матч 2020 жылдың 19 желтоқсанында өтеді.  

 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...