Футзалдан ӘЧ: Қазақстан Португалиядан жеңілді, енді Бразилиямен қолаға таласады

1 Қазан 2021, 04:33
1359
Бөлісу:
Футзалдан ӘЧ: Қазақстан Португалиядан жеңілді, енді Бразилиямен қолаға таласады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Португалиядан жеңілді. Негізгі ойын 1:1 есебімен аяқталып, қосымша уақытта есеп тағы да 2:2 болып теңесті. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.

Негізгі ойындағы алғашқы голды португалиялық Анилтон Сезар Пани соқты. Екінші таймның бітуіне 40 минуттай қалғанда Қазақстан құрамасының футболшысы Дәурен Нұрғожин есепті теңестірді.

Ал қосымша уақытта үшінші голды қазақстандық футболшы Дуглас салса, португалиялық Бруну Коэлью есепті теңестірді.

Құрамалар пенальти сериясына мүмкіндік алды. Ол 4:3 есебімен Португалия құрамасының пайдасына шешілді.

Сөйтіп Португалия құрамасы әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Финалда Аргентина құрамасымен кездеседі.

Ал Қазақстан футболшылары 3 қазанда Бразилия құрамасына қарсы ойнап, үшінші орынға таласады.

Матчтан кейін футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака ойын туралы пікірін айтты.

Екі құрама да жақсы ойнады. Біз пенальтиде жеңілдік. Бұл (Португалия құрамасының жеңісі) – лотерея емес, ойын компоненті. … Біздің жігіттер Бразилияға қарсы ойнайды. Олар да осал қарсылас емес. Енді ең маңыздысы – жігіттер жақсы демалып, күш жинауы керек, – деді Пауло Рикардо Кака.
Ал Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита ойын туралы былай деді:
Құрама алаңда жеңіс үшін бар күшін салды, жақсы ойын көрсетті. Тек пенальтиде сәттілік жетпеді. Алда әлі ойын бар. Қазақстандықтарға бізге жанкүйер болуын тоқтатпасын дегім келеді. Бәріне алғысым шексіз, – деді Игита.
Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасы 2016 жылы әлем чемпионатының 1/8 финалында Испания құрамасынан жеңілген еді.
Өзгелердің жаңалығы