Футзал:"Қайрат" пен "Аят" элиталық раундқа жолдама алды

14 Қазан 2019, 21:31
1760
Бөлісу:
Футзал:"Қайрат" пен "Аят" элиталық раундқа жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футзалдан Алматының "Қайраты" мен Рудный "Аят" командалары УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық раундына жолдама алды.

Екі команда да келесі кезеңге өткенімен, оңай болған жоқ. Әсіресе, "Қайрат" қатты қобалжытты. Алматы ұжымы биылғы жазғы үзілісте құрамына көп өзгеріс жасады. Команда капитаны Дінмұхамед Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Тайнан секілді көшбасшылар ойыншылар кетті. Олардың орнына жастар келді. Әзірге ойын өрнектері қалыптасқан. УЕФА Чемпиондар лигасының жыл сайын басты фавориттерінің бірі саналатын команда үшін негізгі іріктеуде 4 команданың арасынан үшінші орынмен шығу ұят жағдай.
Төртінші топтың ойындары Венгрияда өтті. "Қайрат" алғашқы ойында Ресейдің КПРФ командасынан жеңілді. Тіпті, бір гол соға алмады.

Ал екінші кездесуде Испанияның "Эль-Посо" командасымен кездесті. Бір қызығы, букмекерлік кеңселер осы ойында "Қайраттың" жеңісіне 5 коэффицент берді. Есепті Алматы командасы ашқанымен, бұл матчта да қарсыластың жолы болды. әсіресе, екінші таймда "Эль-Посо" жақсы ойын көрсетті. Тіпті, "Қайраттың" бапкері қақпашы Игитаны шабуылға жиі араластырып, таразы басын теңестіргенімен де, матчтың аяқталуына 4 минут қалғанда жеңісті беріп қойды.

Әйтеуір, абырой болғанда үшінші матчта жергілікті команданы жеңіп, элиталық раундқа жолдам алды. "Береттьоуйфалумен" ойында жерлестеріміз үш гол соқты. Луизиньо дубль жасаса, Габриэл бір голдың авторы атанды.
"Қайрат" (Қазақстан) – КПРФ (Ресей) – 0:3
Голдар: Асадов 4 (0:1).Разуванов, 10 (0:2).Сайотти, 18 (0:3).

"Эль-Посо" (Испания) – "Қайрат" (Қазақстан) – 3:2

Голдар: Дуглас (0:1). Парадински, 14 (1:1).Алекс, 22 (2:1). Игита, 30 (2:2), Валерио, 36 (3:2).
 
"Береттьоуйфалу" (Венгрия) – "Қайрат" (Қазақстан) – 0:3

Голдар: Луизиньо, 4 (0:1). Габриэл, 14 (0:2). Луизиньо, 29 (0:3).  
 
Ал Чемпиондар лигасына алғаш рет қатысқан Рудныйдың "Аят" клубы да екі ойында жеңіліп, біреуін ұтып элиталық раундқа өтті.

Жерлестеріміздің бірінші матчта Литваның "Витис" клубымен тарысты кездесуде бақтары жаңды. Осы жеңіс олардың келесі кезеңге жолдама алуына жеткілікті болды.
Одан кейін Испанияның "Барселонадан" 1:7, Ресейдің "Тюмень" командасынан 3:8 есебімен ұтылып қалды.

"Аят" (Қазақстан) – "Витис" (Литва) – 5:4
Голдар: Юхно, 7 (0:1). Преа, 8 (1:1). Болт, 14 (2:1). Валиуллин,17 (3:1). Леандро, 23(3:2). Преа, 24 (4:2). Преа, 34 (5:2).Рафа, 35-пенальтиден (5:3). Леандро, 38 (5:4).
"Аят" (Қазақстан) – "Барселона" (Испания) – 1:7

Голдар: Адольфо, 5 (0:1). Шираиши, 10 (0:2). Хоселито, 14 (0:3). Шираиши, 16 (0:4). Шираиши, 27 (0:5). Плана, 35 (0:6). Рындин, 39 (1:6). Адольфо, 39 (1:7).

"Тюмень" (Ресей) – "Аят" (Қазақстан)– 8:3

Голдар: Крикун, 3 (1:0). Валиуллин, 6 (1:1). Антошкин, 7 (21). Герейханов, 11 (3:1). Валиуллин, 16(3:2).Болт, 22 (3:3). Лоуренсо, 31 (4:3). Емельянов, 31 (5:3). Упалев, 37 (6:3). Лоуренсо, (7:3). Бахур, 39 (8:3).


Өзгелердің жаңалығы