Бас жаңалықтар
Тамақтан уланған қазақстандық футболшы ауыр халде жатыр
30 Сәуiр 2019, 13:24 530

Тамақтан уланған қазақстандық футболшы ауыр халде жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайдың «Тобыл» футбол клубының ойыншысы облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Бұл туралы Қостанай облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Облыстық аурухананың жансақтау бөліміне «Тобыл» клубының бір футболшысы түсті. Ол тамақтан уланған. Жағдайы өте ауыр. Қазір арнайы ем-дом шараларын қабылдап жатыр», - департаменттің баспасөз қызметі. 

Республикалық KazFootball.kz таратқан ақпаратқа сүйенсек, уланған футболшы Сенин Себаи. Ол қысқы трансферлік ауысым кезінде Ресейдің «Тамбов» клубынан ауысып келген. Шабуылшыны Қостанай командасы 50 мың долларға сатып алғанын директоры айтқан болатын.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық