Футболдан жастар құрамасы оқу-жаттығу жиындарын бастады

8 Қараша 2021, 13:00
836
Бөлісу:
Футболдан жастар құрамасы оқу-жаттығу жиындарын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы елордада кезекті оқу-жаттығу жиынын бастады. Бұл туралы футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Біздің футболшылар 12 қараша күні сырт алаңда Еуропа Чемпионатының іріктеу матчын өткізеді. Қарсылас – Шотландия жастары.

Аға бапкер Қайрат Нұрдәулетов бірнеше күн бұрын жиынға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялаған еді. Өкінішке қарай, сол тізімнен қорғаушы Сағи Совет жарақатына байланысты шығып қалды.

Ал «Астана» мен «Қайрат» сапында ойнайтын жастар құрамасының алты футболшысы команданың қатарына ертең қосылады.

Өзгелердің жаңалығы