Футболдан Қазақстан құрамасы Тәжікстан командасымен жолдастық кездесу өткізеді

21 Қазан 2021, 20:10
1271
Бөлісу:
Футболдан Қазақстан құрамасы Тәжікстан командасымен жолдастық кездесу өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан ұлттық құрамасы Тәжікстан құрамасымен жолдастық матч өткізеді, деп хабарлады Olympic.kz.


ФИФА жолдастық матчтар күнтізбесі бойынша Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізетін болды. Қос федерация келіссөздер жүргізіп, екеуара матч ұйымдастыруға ымыраласты. Ойын 16 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Матчтың басталуы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 19:00-ге белгіленген.

Тәжікстан құрамасы ФИФА рейтингінде 118 орында тұр.

Естеріңізге сала кетейік, осы ойынға дейін ұлттық құрамамыз 13 қараша күні Әлем чемпионатының іріктеу сыны аясында Франция командасына қарсы ресми матч ойнайды.



Өзгелердің жаңалығы