Футболдан Италия құрамасы әлемдік рекорд орнатты

7 Қыркүйек 2021, 01:15
1590
Бөлісу:
Футболдан Италия құрамасы әлемдік рекорд орнатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Италия құрамасы халықаралық жеңіс сериясынан әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды UEFA сайты.

Әлем чемпионатына іріктеу матчінде Италия Швейцариямен тең түсті. Кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Нәтижесінде команда 36 ойында жеңіп, Бразилия мен Испанияның бұрынғы рекордынан асып түсті. Екі команда да 35 ойында жеңілмеген.

Соңғы рет итальяндықтар 2018 жылдың 10 қыркүйегінде Лиссабонда өткен Ұлттар лигасында Португалия құрамасынан жеңілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы