Бас жаңалықтар
Футболдан ӘЧ-2022: Қазақстан сырт алаңда Украинамен тең түсті
01 Сәуiр 2021, 03:01 923

Футболдан ӘЧ-2022: Қазақстан сырт алаңда Украинамен тең түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Украина командасымен сырт алаңда кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Матч Киевтегі «Олимпийский» стадионында өтті. Ойынға көрермендер кіре алмады. Бірінші турдағы матчта Талғат Байсуфинов шәкірттері Франция құрамасынан жеңіліп қалды. Украиндар екі рет тең ойнады - Франциямен және Финляндиямен. Екі ойын да 1:1 есебімен аяқталды.

Алаң қожайындары матчты ширақ бастады. Ойынның 20-минутында Қазақстан футболшыларының қателігінен соң бірден шабуылға ұмтылған украиндар есепті ашты. Әріптесінен пас алған Роман Яремчук қақпаның алыс бұрышын дәл көздеді.

Екінші таймда қос команда шабуылды тоқтатқан жоқ. Осындай шабуылдың бірінде Қазақстан құрамасы таразы басын теңестірді. Қарымта шабуылда Серікжан Мужиков айып алаңынан «тоғыздыққа» допты туралады. 

Осыдан кейін алаң қожайындары жеңісті жұлып алу үшін шабуылды күшейтті. Алайда бірде Покатилов шеберлігін танытса, енді бірде қорғаушылар мықтылығын көрсетті. 

Украина – Қазақстан 1:1 (1:0)

Голдар: Яремчук 20', Мужиков 62'

Украина: Трубин (Қ), А. Караваев, Кривцов, Матвиенко, Михайличенко, Зинченко (К), Малиновский, Сидорчук, Шапаренко, Мораэс, Яремчук.

Қазақстан: Покатилов (Қ), Досмағамбетов, Марочкин, Малый, Әліп, Валиуллин, Әбікен, Тағыберген, Мужиков, Нұрғалиев (к), Айымбетов;


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...