Футболдан ұлттық құраманың кеңейтілген тізімі шықты

4 Ақпан 2019, 15:18
2472
Бөлісу:
Футболдан ұлттық құраманың кеңейтілген тізімі шықты

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек кеңейтілген тізімге енген футболшылардың тізімін жариялады. 

Қақпашылар: Владимир Плотников, Стас Покатилов (екеуі де – «Кайрат»), Марсель Исламқұлов («Кайсар»), Дмитро Непогодов («Ордабасы»).

Қорғаушылар: Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Юрий Логвиненко, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков (барлығы – «Астана»), Айбол Әбікен, Нұралы Әліп, Елдос Ахметов, Александр Соколенко, Ғафуржан Сүйімбаев (барлығы – «Кайрат»), Дәурен Мәжитов («Атырау»), Карам Сұлтанов («Кызыл-Жар СК»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»), Александр Марочкин («Қайсар»).

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Еркебұлан Тұңғышбаев, Ян Вороговский, Магомед Парагульгов, Бауыржан Исламхан (барлығы – «Кайрат»), Юрий Перцух, Серикжан Мужиков (екеуі де – «Астана»), Максим Федин («Тобыл»), Александр Меркель («Хераклес», Голландия).

Шабуылшылар: Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Россия), Сергей Хижниченко, Роман Муртазаев (екеуі де – «Астана»), Алексей Щеткин («Ордабасы»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Владислав Васильев («Энергетик-БГУ», Беларусь), Акмаль Бақтияров («Сочи», Россия), Оралхан Өміртаев («Шахтер»).

Назерке Абибулла

Өзгелердің жаңалығы