Футбол: Тихонов пен Тигранға жаза тағайындалды

27 Қазан 2021, 19:14
13990
Бөлісу:
Футбол: Тихонов пен Тигранға жаза тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қазанда ҚФФ Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы өтті деп хабарлайды aladop.kz.

Отырыста төмендегідей шешімдер қабылданды:

Olimpbet-Қазақстан Чемпионатының XXV туры «Қайрат» – «Астана»

  • Көрермендерге қатысты жөнсіз әрекет істегені үшін Тәртіптік регламенттің 53-бабына сәйкес «Астана» командасының ойыншысы Тигран Барсегян бір айға ҚФФ және ҚКФЛ ұйымдастыруымен өтетін ойындардан шеттетілді. Жаза мерзімі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.
  • Команданың мінез-құлқы үшін және «Fair Play» қағидасын бұзғаны үшін, ойыншылардың матчтың ресми өкілінің рұқсатынсыз футбол алаңынан шығып кетуі, қарсыласқа, матчты ұйымдастырушыға, матчтың ресми тұлғаларына, көрермендерге құрметсіздік танытқаны үшін Тәртіптік ереженің 53-бабына сәйкес «Астана«» командасының бас бапкері Андрей Тихонов ҚФФ және ҚКФЛ ұйымдастыратын жарыстардан жиырма төрт айға шеттетілді.

Жаза мерзімі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы