Футбол. Қазақстан жастар құрамасының капитаны келесі ойынға қатыспайды

14 Қазан 2021, 20:35
6710
Бөлісу:
Футбол. Қазақстан жастар құрамасының капитаны келесі ойынға қатыспайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан U21 жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Сұлтан Сағынаев Шотландия жастар құрамасына қарсы алдағы матчта ойнамайды.

Kazfootball.kz порталының мәліметіне қарағанда, "Астананың" жартылай қорғаушысы, Қазақстан жастар құрамасының капитаны Сұлтан Сағнаев 2023 жылғы Еуропа жастар чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Түркияға қарсы матчта (0:1) осы іріктеудегі үшінші ескерту қағазын алды.

Осылайша Шотландиялық құрдастарына қарсы алдағы матчттан тыс қалуға мәжбүр.

Естеріңізге сала кетейік, Шотландия мен Қазақстан жастар құрамаларының ойыны 12 қарашадан 13 қарашаға қараған түні Дандиде өтеді.

Жалпы қазіргі іріктеу кезеңінде Сұлтан Сағынаев төрт матч өткізіп, төртеуінде де капитандық белгімен шықты.

Өзгелердің жаңалығы