Футбол: Франция бірінші таймда екі гол соқты

28 Наурыз 2021, 20:04
1788
Бөлісу:
Футбол: Франция бірінші таймда екі гол соқты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Франция арасындағы кездесу басталды. 

Бірінші таймда қонақтар 2 гол соғып үлгерді. Есепті 19-минутта «Барселона» шабуылшысы Усман Дембеле ашты. Ал үзіліске шығатын тұсоа бұрыштама добынан қорғаушы Сергей Малый өз қақпасына кіргізіп алды. 

Қазақстан сапынан алғашқы минуттан алаңда Мокин, Быстров, Ерланов, Малый, Әліп, Валиуллин, Мұжықов, Тағыберген, Васильев, Нұрғалиев, Федин жүр. 

Ал Франция мынандай құраммен өнер көрсетуде: Уго Льорис, Лео Дюбуа, Курт Зума, Клеман Лангле, Люка Динь, Поль Погба, Танги Ндомбеле, Тома Лемар, Антуан Гризманн, Антони Марсьяль, Усман Дембеле.

Өзгелердің жаңалығы