Футбол. Армения чемпионаты тоқтатылды

27 Қыркүйек 2020, 19:58
1259
Бөлісу:
Футбол. Армения чемпионаты тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армения чемпионаты елде әскери жағдайдың енгізілуіне байланысты тоқтатылды. Бұл туралы «Урарту» ФК баспасөз қызметі хабарлады.

Бізге Армения футбол федерациясының жарыстарды ұйымдастыру және өткізу департаментінен әскери жағдай аяқталғанға дейін FFA аясында өткізілетін барлық чемпионат матчтары кейінге қалдырылатыны туралы хат келді, - делінген «Урарту» ФК хабарламасында.

Бүгін Армения Үкіметі Әзербайжанмен қарулы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты әскери жағдай енгізіп, халықты жалпы жұмылдыру басталды.

Өзгелердің жаңалығы