Фукусимада 7,1, Ереванда 4,7 балдық жер сілкінісі болды

14 Ақпан 2021, 02:21
2220
Бөлісу:
Фукусимада 7,1, Ереванда 4,7 балдық жер сілкінісі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның Фукусима префектурасының жағалауында күші 7,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат ошағы Нами қаласынан 90 шақырым қашықтықта өтіп, кіндігі 54 шақырым тереңдікте болды.

Жапониядағы жер сілкінісінен жараланған адам саны 20-ға жетті. Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады.

Айта кету керек, табиғи апат болған жерлерде жараланғандар саны артып келеді.

Сонымен қатар бүгін Ереванда да 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді.

13 ақпанда Армения астанасы Ереван қаласында магнитудасы 4,7 балл жер сілкінісі болды. Халық жер сілкісіні қайталана ма деп көшеге қашып шықты.

Жергілікті ақпарат агенттіктері дүкен сөрелеріндегі тауарлар құлағанын хабарлады.

Елдің Премьер-министрі Никол Пашинян Facebook парақшасында 20 афтершок болғанын жазды. 

Алдын ала мәлімет бойынша қатты қираған ғимараттар мен адам шығыны болған жоқ, – деп жазды Пашинян.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы жер сілкінісінің эпицентрі Ереваннан 13 шақырым жерде болды деп мәлімдеді.


Өзгелердің жаңалығы