Фристайл-могулдан әлем чемпионаты: Колмаков пен Рейхард кіші финалға жолдама алды

8 Наурыз 2021, 16:15
1387
Бөлісу:
Фристайл-могулдан әлем чемпионаты: Колмаков пен Рейхард кіші финалға жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Дмитрий Рейхард пен Павел Колмаков фристайл-могулдан әлем чемпионатының кіші финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін Алматыда фристайл-могулдан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде ерлер арасында жекелей сындар өтті. 

Қазақстан сапынан жарысқа қатысқан Дмитрий Рейхард пен Павел Колмаков іріктеу сыннан іркілмей өтті. 

Айта кетерлігі, кіші финалға іріктеу кезеңінде үздік атанған 18 спортшы жолдама алады. 

Өзгелердің жаңалығы