Бас жаңалықтар
Францияда COVID-19 құрбандарының саны 10 мыңнан асты
08 Сәуiр 2020, 11:06 217

Францияда COVID-19 құрбандарының саны 10 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда соңғы тәулікте коронавирустан мыңнан аса адам қайтыс болып, 11 мыңдай азамат вирус жұқтырды.

Осылайша, елдегі коронавирус құрбандары 10 мыңнан асты. Ал науқастардың жалпы саны 110 мыңға жақындаған. Джонс Хопикинс университетінің мәліметінше, Франция коронавирустан болған өлім көрсеткіші бойынша Италия, Испания және АҚШ-тан кейін төртінші орында тұр.

Айта кетейік, бұған дейін Париж билігі шектеу шараларын тағы да қатаңдатқан еді. Жаңа тәртіп бойынша тұрғындардың күндізгі уақытта далада жүгіруіне тиым салынды. 

1 наурыздан бастап ауруханаларда, қарттар үйінде коронавирустан көз жұмғандардың саны 10 мың 328-ге жетіп отыр. Қайтыс болғандардың 82 %-ы 70 жастан асқан азаматтар, – дейді денсаулық сақтау департаментінің басшысы, Жером Саломон.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...