Бас жаңалықтар
Франция туристер үшін шекарасын ашады
13 Маусым 2020, 09:58 327

Франция туристер үшін шекарасын ашады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция билігі Шенген келісімі елдерінің сыртқы шекараларының 1 шілдеден бастап ашылатынын хабарлады.

Korrespondent.net хабарлағандай, Франция Еуроодақ елдері мен басқа еуропалық мемлекеттердің туристері үшін шекарасын ашады. Бұл туралы Францияның сыртқы саяси ведомствосының сайтында жарияланған.

Еурокомиссияның ұсынымдарына сәйкес, Франция 15 маусым 00.00 - ден бастап өзінің ішкі шекарасындағы барлық шектеулерді алып тастайды, - делінген құжатта.
15 маусымнан бастап ЕО, Андорра, Исландия, Монако, Норвегия Лихтенштейн, Швейцария, Ватикан, Сен-Мартен, Сан-Марино елдерінің тұрғындары Францияға кез келген шектеусіз  бара алады.
Бұл елдердің азаматтарына коронавирустың жоқтығы туралы сынаманы көрсету немесе 14 күндік карантинге жатқызылу міндеті қойылмайды, - деп нақтылады дипломаттар.
Алайда Францияға келген Испания мен Ұлыбритания тұрғындары үшін шектеулер сақталады.

Айта кетейік, бұған дейін президент Эммануэль Макрон Францияға "бақытты күндердің оралғанын" мәлімдеген. Кафе мен мейрамханалардың ашылуы француздарға "француз" рухын қайта сыйлайды, деп есептейді мемлекет басшысы.

Фото: дереккөз
Загрузка...