Бас жаңалықтар
Франция Каан фестивалінің бағдарламасын жариялады
04 Маусым 2020, 19:15 97

Франция Каан фестивалінің бағдарламасын жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  Францияда халықаралық Каан фестивалінің бағдарламасы жарияланды. Бағдарламаға 56 туынды енді, деп хабарлады tvr.by. 

Биыл шараға қатысуға келген өтінім рекордтық нәтиже беріп, 2067 фильмге жетті. Ресми бағдарламаға іріктелген туындылар күзгі кинофестиваль кезінде Торонто, Сан-Себастьяне, Ангулеме, Венеция, Нью-Йорк және Довиледе көрсетіледі. 

Каан фестивалі 1946 жылдан бастап Францияның Көкшіл жағалауында өтетін дәстүрлі шара. Биыл 12-23 мамырға жоспарланған шараны ұйымдастырушылар пандемияға қатысты шегеріп, кейін өткізбейтін болды.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...