Француздар қазақстандық бітімгерлердің даярлығын жоғары бағалады

1 Қазан 2021, 21:33
1444
Бөлісу:
Француздар қазақстандық бітімгерлердің даярлығын жоғары бағалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қапшағай гарнизонының «Тілендиев» полигонына Францияның Ұлттық қорғанысы жоғары зерттеу институтының өкілдері келді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Қазақстандық бітімгершілік полкінің командирі полковник Бақытжан Жетпісов оларға жеке құрам оқитын сыныптарды көрсетті. Әскери қызметшілерді сапалы даярлау үшін материалдық-техникалық қамтамасыз ету ұдайы жетілдіріліп, түрлі міндеттерді орындауға мүмкіндік беретін жаңа жабдықтар сатып алынады.

Француздар қазақстандық бітімгерлердің даярлығын жоғары бағалады

Бұдан басқа, Францияның қорғанысты зерттеуші мамандарына блок-бекетке жасалған шабуылға тойтарыс беру бойынша тәжірибелік іс-қимылдар көрсетілді.

Француз делегациясы қазақстандық бітімгершілік полк жеке құрамының даярлық деңгейі жоғары екенін атап өтті.



Өзгелердің жаңалығы