Француз фестивалі аясында Қазақстанда 50-ден астам шара өтеді

12 Наурыз 2021, 13:05
1920
Бөлісу:
Француз фестивалі аясында Қазақстанда 50-ден астам шара өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы аясында Қазақстан мен Францияның ұлттық құрамалары футбол матчында кездесіп, француздың шеф аспазы мастер класс өткізетін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс айтты.

«Frankofonı» француз тілді елдердің мейрамы. Оны франкофон мәдениеті мен тілін ұстанатын елдер мерекелейді.

Сонымен қатар, Франция елімен мәдени байланысы бар елдерде мерекені атап өтеміз. Бүгінде әлемнің 300 млн ға жуық адамы осы тілде сөйлейді. 5 континенттегі 29 елде француз тілі ресми тіл болып танылған. Биыл фестваль 31 наурыз – 13 сәуір аралығына белгіленген. Осыған орай Қазақстан  аумағында да 50-ге жуық шара өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді ол.

Брифинг барысында ол негізгі үш шараға назар аударты. 

Биыл фестиваль Францияның белгілі жазушы Давид Фонкиностың сценариіне жазған фильмнің көрсетілімімен ашылатын болады. Қазақстандықтар оны онлайн тамашалай алады. Екінші маңызды бір шара екі елдің ұлттық құрама командалары арасында футболдан матч өткізу. Оның аясында мектеп оқушылары арасында футбол тақырыбында викторина өткізіледі. Француз мәдениеті гастрономиямен де ерекшеленітіндіктен, белгілі фрнацуз шеф аспазымен елордада мастер класс өткізуді жоспарлап отырмыз. Толық ақпаратты елшіліктің сайтынан көруге болады, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы