Forbes 2019 жылдың ең бай музыканттарын анықтады

7 Желтоқсан 2019, 14:40
2718
Бөлісу:
Forbes 2019 жылдың ең бай музыканттарын анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рейтингте 185 миллион доллар пайда тапқан АҚШ-тың кантри-әншісі Тейлор Свифт көш бастады. 

Forbes журналы ең көп табыс табатын музыканттардың жыл сайынғы рейтингін жариялады. Бірінші орынға соңғы бес жылдың ішінде осымен екінші рет әнші Тейлор Свифт ие болды. Лейблмен жасалған жаңа келісімшарттың, жарнаманың және гастрольдік турдың соңғы бөлігінің арқасында оның табысы бір жылда 185 миллион долларға жеткен. 

Екінші орынды Канье Уэст алды. Ол бір жылда 150 миллион доллар тапқан.  

Рейтингтің үшінші орнына Эд Ширан (110 миллион доллар), төртіншісіне The Eagles (100 миллион доллар), бесіншісіне Элтон Джон (84 миллион доллар) орналасты. 

Алтыншы орынды 81 миллион доллар пайда тапқан Jay-Z мен Beyonce бөлісті. 

Forbes есептері бойынша 2018 жылдың маусым айынан бастап 2019 жылдың маусым айына дейін әлемдегі ақысы ең жоғары 10 музыкант салық төлегенге дейін 1 миллиард доллардан астам пайда тапқан. Бұған дейінгі рейтингте бұл көрсеткіш 886 миллион доллар еді. 

Еске сала кетейік, 2019 жылдың жазында Forbes журналы Т. Свифті әлемдегі ақысы ең жоғары жұлдыз деп атаған. Ал оған дейін ол American Music Awards нұсқасы бойынша онжылдықтың әртісі деп танылған еді.





Өзгелердің жаңалығы