Бас жаңалықтар
Дүниежүзілік банк мамандары қантты сусындарға салық салу үлгісін ұсынды
29 Қаңтар 2020, 12:06 97

Дүниежүзілік банк мамандары қантты сусындарға салық салу үлгісін ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дүниежүзілік банк мамандары құрамында қанты бар сусындардың алғашқы төрт грамын салықтан босатуды ұсынды. Себебі, ол бір қасық қантты құрайды.

Дүниежүзілік банктің салық моделі жөніндегі кеңесшісі Альберто Гониманың айтуынша, ЕАЭО-ның бірде-бір елінде қантты сусындарға салынатын салық жоқ.

Қазақстанда импорттық баж салығы 4% құрайды. Өзге елдерде табак және алкоголь өнімдеріне салынатын салық бар. Ал, ЕАЭО-ның бірде-бір елінде қантты сусындарға салынатын салық жоқ. Бұл деректі де назарға алу керек. Себебі, ол көрші елдермен тепе-теңсіздікке алып келуі мүмкін. Қосылған құн салығы бәрімізге мәлім, ол өнімдердің барлық құрылымына салынады, - деді Альберто Гонима.

Маманның айтуынша, салықтың үш арнайы салымы болады. 

Бұл литріне 35 теңге салық салуды қарастыру. Мәселен, 2020 жылы бұл салық енгізіледі, ол 2021-2022 жылдары артып отырады. Бағаны инфляция мен ЖІӨ өсіміне сәйкес, өсіріп отыру қажеттігі ескерілді. Осы орайда, салықтың үш арнайы салымы бар. 2020 жылы 35 теңгеден басталып, 2021 жылы 42 теңге, 2022 жылы 50 теңге салық салу бағаны 20% көтереді, - деді сарапшы.

Үшінші нұсқада мамандар қанты бар сусындарға салынатын салық мөлшерін есептеген. 

Үшінші нұсқа бойынша біз қанты бар сусынға салынатын салықты есептедік. Біз салықтан алғашқы төрт граммды босатамыз. Себебі, ол бір қасық қантты құрайды. Осы мөлшерден жоғары болатын жағдайда салық салынады. Бірінші нұсқа бойынша салық енгізілсе, зерттеудің негізгі нысаны болып алынған Coca-cola-ның зауыттан шыққан құны 159 теңгені құрайды. Зерттеу нәтижесінде анықталғандай,тұтынылатын сусындардың 80 пайызын қантты газдалған және энергетикалық сусындар құрап отыр. Осы сусындарға көп қысым түсетін болса,оларды тұтыну мөлшері азаяды, - деді ол.
Айта кетсек, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік банктің ұйымдастыруымен "Қазақстандағы құрамында қанты бар сусындарға салықтың әсері" деген тақырыпта маңызды семинар өтуде.

Мамандар салық енгізу арқылы қанты бар сусындарды тұтыну саны азаюы мүмкін және сол арқылы халық денсаулығы мен ел экономикасына оң ықпал ете аламыз деп отыр.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк мамандары екі бағытты да Қазақстан саясаты үшін талдау ретінде алған. Олардың айтуынша, құрамында қанты бар сусындарды цифрлық тіркеу мен бақылау, сонымен қатар оларға марка тағуды қатаң реттеген кезде Қазақстанның бұл бағыттағы саясаты жетістікке жете алады.

Дүниежүзілік банктің экономист маманы құрамында қанты бар сусындарға салық өсіру арқылы "халық арасында тұтыну санын азайтуға болады" дегенді айтып отыр.



Фото: автордан
Загрузка...