Салық өссе, баға көтеріледі, тұтыну азаяды – сарапшы

29 Қаңтар 2020, 11:59
2107
Бөлісу:
Салық өссе, баға көтеріледі, тұтыну азаяды – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дүниежүзілік банктің экономист маманы құрамында қанты бар сусындарға салық өсіру арқылы "халық арасында тұтыну санын азайтуға болады" дегенді айтып отыр.

Дүниежүзілік банктің аға экономисі, жобаның тең жетекшісі Алан Фукстың айтуынша, бұл арқылы қазақстандықтардың тұрмыстық шығын көлемін де қысқартуға болады. 

Қазақстандықтар да, көптеген ел секілді, өз бюджетінің көп бөлігін жиі тұтынатын азық-түлікке, электр энергиясы мен коммуналдық қызметтерді төлеуге бөліп қояды. Олардың ішінде табак, алкоголь, тәтті сусындар бар. Егер Үкімет осы тауарларға салықты өсірсе, онда әрбір адамға шаққанда шығын пропорционал болар еді. Сондықтан көптеген елдің үкіметі осы мәселеден қашуға немесе құтылуға тырысады. Егер бұл мәселеде салық өссе, сосын оның бағасы көтерілсе, халық арасында тұтыну да азаяды, сәйкесінше түрлі аурулардың алдын алуға болады. Сондай-ақ, адам өмірін ұзартуға ықпал ете алады. Мұның барлығы салық салудың прогрессивті әсерін көрсетіп отыр. Біз жасаған талдау да осыған әкеп соғады, - деді маман "Құрамында қанты бар сусындарға салық салуға" арналған семинар барысында.

Сонымен қатар, Алан Фукс Дүниежүзілік банк мамандары жүргізген сараптамаға тоқталды. Сонда баға қымбаттаған кезде сатылым азайғаны байқалған.

Талдауға тоқталсақ, белгілі бір тауардың бағасын көтеру арқылы оның тұтыну санын қысқартуға әкелгенін көрдік. Мұны біз "тұтынушылар әрекеті" деп атаймыз. "Экономистер тұтыну саны қалай болады?" деген сұраққа "бағаға байланысты" деп отыр. Яғни, құрамында қанты бар тауарларға салықтың өсімі арқылы бағаны өсірудің тиімділігін көрсетіп отыр. Мәселен, АҚШ-та бағаның көтерілуі арқылы -1,21 көрсеткіштен, -0,71 дейін көтерілген. Ұлыбританияда бұл көрсеткіш -0,92, Мексика, Бразилия, Францияда -1,29 болды. Бұл – өте маңызды көрсеткіш, - деді Дүниежүзілік банктің аға экономисі, жобаның тең жетекшісі Алан Фукс.

Айта кетейік, қазір Нұр-Сұлтанда денсаулық сақтау және Дүниежүзілік банк сарапшылары құрамында қанты бар сусындарға салық салуға қатысты семинар өткізіп жатыр.

Семинар барысында соңғы бес жылда 30-дан астам ел, мәселен Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Эстония, Франция және Чили инфекциялық емес аурулардың халық денсаулығына және экономиканың өнімділігін арттыруға кері әсер етудің алдын алу үшін құрамында қанты бар сусындарға салық енгізгені белгілі болды.

Дүниежүзілік банктің Денсаулық сақтау бойынша аға маманы, құрамында қанты бар сусындарға салық салу жөніндегі топтың жетекшісі Кейт Мандевиллдің пікірінше, құрамында қанты бар сусындарға салық енгізу қоғам денсаулығына және ел экономикасына тиімді

Өзгелердің жаңалығы