FlyArystanның алғашқы ұшуларының нәтижелері

3 Мамыр 2019, 11:09
2138
Бөлісу:
FlyArystanның алғашқы ұшуларының нәтижелері
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұшулардың алғашқы күндерінде FlyArystan 2000-нан астам жолаушыны тасымалдады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

FlyArystanның алғашқы ұшуларының нәтижелері

50 мыңға жуық билеттер сатылып, олардың жартысынан көбін жолаушылар ең төменгі багажсыз тарифімен алған. 

FlyArystanның алғашқы ұшуларының нәтижелері

Рейстер Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз, Қарағанды және Орал қалаларына орындала бастады. 

FlyArystanның алғашқы ұшуларының нәтижелері

Жақын арада Алматыдан Павлодар мен Шымкент қалаларына рейстер ашу жоспарланып отыр.

FlyArystanның алғашқы ұшуларының нәтижелері

2019 жылдың мамыр айындағы барлық бағыттар бойынша орындалатын рейстердің жолаушылар толымдығы 90%-дан асты.

FlyArystanның алғашқы ұшуларының нәтижелері

Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы алғашқы рейстегі жолаушылардың басым бөлігі ұшақ бортында қосымша тамақтануды қалаған. 

FlyArystanның алғашқы ұшуларының нәтижелері

Мысалы, ұшу кезінде 1200 теңгеге сэндвич пен сусынға тапсырыс беруге болады.

FlyArystanның алғашқы ұшуларының нәтижелері

Естеріңізге сала кетейік, 1 мамыр күні елішілік рейстерді бастағанFly Arystan жыл соңына дейін 1 млн-ға дейін жолаушыны тасымалдауды жоспарлайды, бұл жалпы азаматтық авиация саласына оң әсер ететіні сөзсіз.

FlyArystanның алғашқы ұшуларының нәтижелері

Сондай-ақ, болашақта Fly Arystan таяу шетелдерге (Грузия, Ресей) халықаралық авиамаршруттарды орындайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы