Флойд Мейвезер жекпе-жекте блогерді жеңе алмады

7 Маусым 2021, 10:52
3101
Бөлісу:
Флойд Мейвезер жекпе-жекте блогерді жеңе алмады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бес салмақ дәрежесінде бокстан бұрынғы әлем чемпионы кіші Флойд Мейвезер блогер Логан Полды жеңе алмады, деп хабарлайды vesti.kz.

Жекпе-жек Майамидегі (АҚШ) Hard Rock Stadium стадионында өтті. Бокс сегіз раундқа созылды. Мейвезер бүкіл жекпе-жек барысында жақсы өнер көрсетті, бірақ қарсыласын жеңе алмады.

Айта кетейік, жекпе-жек спортшылардың кәсіби рекордына кірмеген.

Бұл жекпе-жегі үшін Мейвезердің кепіл ақысы он миллион доллар болды. Сонымен қатар ол сатылымының 50 пайызын алады. Полға келетін болсақ, оның кепілдендірілген ақысы - 250 мың доллар, сонымен қатар ол ақылы эфир сатылымының он пайызын алады.


Өзгелердің жаңалығы