Флойд Мейуэзер боксқа қайта оралмақ

22 Қараша 2019, 17:10
2136
Бөлісу:
Флойд Мейуэзер боксқа қайта оралмақ

Алматы,  BAQ.KZ.  Кәсіпқой бокста бес салмақ дәрежесінде чемпион атанған америкалық Флойд Мейуэзер 2020 жылы боксқа қайта оралмақ. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

42 жастағы боксшы аладғы жылы есте қаларлық қызықты бокс кешін өткізгісі келетінін және UFC басшысы Дана Уайтпен қайтадан жұмыс істейтінін жазған.
Бұған дейін Мейуэзер UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нұрмағамбетовты бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге шақырған. Нұрмағамбетов бокс кешінен бас тартқан.

Еске салсақ, Флойд Мейуэзер соңғы кездесуін 2017 жылы аралас жекпе-жек майталманы ирландиялық Конор Макгрегорға қарсы өткізген болатын. Бокс ережесімен өткен жекпе-жекте америкалық боксшы жеңіске жеткен еді.
Өзгелердің жаңалығы