Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай флешмоб өтті

4 Сәуір 2019, 18:04
5008
Бөлісу:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай флешмоб өтті
PHOTO
Фото: автордан

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне арналған флешмоб ұйымдастырылып, түрлі сала дәрігерлері студент жастардың денсаулықтарын тексерді.

«Сау болу — ол сәнді!» тақырыбымен ұйымдастырылған шара Жастар жылына арналды. Жалпы сау болу — ол жалпы алғанда тұтастай бір ғылым. Оның басты бағыттарының бірі денсаулық мәдениетін қалыптастыру. Осы себепті әр адам өзін-өзі жасауы қажет. Адамның қалыпты өмір сүруі оның денсаулық жағдайына, дұрыс тамақтануы мен дене белсенділігінің болуына байланысты. Осы себепті біз бүгінгі шараны орта буын және жастар арасында өткізуді жөн көрдік. Өйткені денсаулықты жас кезден бастап күткен абзал», - деді облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Айгерім Батырханова.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай флешмоб өтті

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған шараға Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығынан басқа Амбулаториялық орталықтың, облыстық фтизиопульмонологиялық орталықтың, ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталықтың, Қан орталығының, Туберкулезге қарсы диспансердің, «Қызыл Жарты Ай» қоғамы мен облыстық тері-венерологиялық диспансерінің мамандары қатысты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай флешмоб өтті

«Мамандар жедел диагностика жасап, түрлі қан талдауларын алып жатыр. Бұл бірінші кезекте студент жастардың денсаулығын нығайтуға бағытталған шара. Дерттің жас таңдамайтыны белгілі. Осы себепті олардың қан қысымын өлшеп, ВИЧ-ке қарсы қан талдауын алу инфекциялық емес аурулардың алдын алу болып табылады. Сонымен қатар жастар арасындағы дене белсенділігін арттыру мақсатында осы шара барысында біз флешмоб өткізбекшіміз», - деп қосты Айгерім Батырханова.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай флешмоб өтті

Студент жастардың қан қысымын, салмағы мен бойын өлшеуіне мүмкіндік берген шарада «Қызыл Жарты Ай» қоғамының мамандары түрлі жағдайға ұшыраған адамға дәрігерлер келіп жеткенге дейін көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем жайын түсіндірді. Олар арнайы дайындалған манекендерде студенттерді жарақат алған адамның дене мүшелеріне жгут салуға, дәке орауға машықтандырды.

Өзгелердің жаңалығы