Фируза Шарипова Мәскеу төрінде жеңіске жетті

31 Қазан 2020, 19:49
1138
Бөлісу:
Фируза Шарипова Мәскеу төрінде жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде өткен бокс кешінде қазақстандық Фируза Шарипова (12-1, 6 КО) Сербия өкілкі Сара Марьяновичпен (7-8, 3 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Сегіз раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Фируза Шариповаға берді. 

Осылайша қазақстандық боксшы биыл өткізген екі жекпе-жегінде де жеңіске жетті. Бұған дейін тамыз айында Хэппи Даудиден басым түсіп, бірінші орта салмақта IBA чемпионы атанған еді.

Өзгелердің жаңалығы