Бас жаңалықтар
Фируза Шәріпова сәбилі болды
19 Мамыр 2020, 16:18 315

Фируза Шәріпова сәбилі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жыл басында бокстан әлем чемпионы Фируза Шәріпова өмірге сәби әкелді. Бұл туралы Бокстан Ресей құрамасының мүшесі Анна Красноперова хабарлады.

Оның айтуынша, сәби сүю Фирузаның арманы болған.

Фирузамен 1916 жылы ол чемпион болмай тұрған кезінде таныстым. Біз спарринг туралы көп сөйлестік. Фируза алдына мақсат қоя біледі және қалайтын нәрсесіне қол жеткізеді. Фируза армандары туралы айтқан кезде: өзіне және ата-анасына баспана алуға қол жеткізгісі келетінін айтқан – орындалды. Сондай-ақ, ол BMW X6 алсам деп армандады. Қазір сондай көлікпен жүр. Дегенмен, Фируза әлем чемпионы болуды ең көп армандады. Нәтижесі белгілі. Әлемдік титулдарды жеңіп алған соң, ана болуды армандап, осы жылдың басында сәби сүйді, бақытты ана болды, - деді Анна Красноперова.

Оның айтуынша, Фирузаның тағы бір арманы өзінің өнерін Геннадий Головкиннің ақпарат құралдарында бағалауы болған. 

Ол үшін чемпионның пікірі өте маңызды, оны өте құрметтейді және әрдайым жанкүйері болып келеді. Бірақ бұл арманы, менің білуімше, орындалмады.  Менің ойымша, Фирузаны әлі талай жеңіс күтіп тұр! Қазір оның мақсаты – әлемнің абсолютті чемпионы болу. Мен оның бәрі болатынына сенемін!, - деді А. Красноперова.

Еске сала кетейік, Фируза Шәріпова Олимпиаданың финалисі Софья Очигавамен реваншқа дайындықты жалғастыруда. Жекпе-жек 4 шілдеде Қазан қаласында Ratel Pro Fight промоутерлік компаниясының турнирінде өтеді.

Бұл ретте жеңімпазға IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы беріледі


Фото: дереккөз
Загрузка...