Фируза Шәріпова WBA рейтингіндегі бірінші орнын сақтап қалды

1 Наурыз 2019, 16:26
2374
Бөлісу:
Фируза Шәріпова WBA рейтингіндегі бірінші орнын сақтап қалды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Екі салмақ дәрежесі бойынша кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шәріпова жаңартылған WBА рейтингіндегі бірінші орнын сақтап қалды.

Жеңіл салмақ бойынша чемпиондық белбеу ирландиялық Кэти Тейлорда. Фируза Шәріпова – жеңіл және екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесі бар Қазақстаннан алғашқы чемпион.

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) – кәсіпқой бокстағы ең «кәрі» халықаралық қауымдастық. Бұл нұсқа бойынша Геннадий Головкин, Майк Тайсон, Мұхамед Әли және тағы басқы атақты боксшылар әлем чемпионы болды. Қазіргі уақытта Геннадий Головкин де WBA рейтингінде бірінші орында тұр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Фируза Шәріпованың екі салмақ дәрежесі бойынша кәсіпқой бокстағы әлем чемпионы Фируза Шәріпова келесі жекпе-жегін Алматы қаласында өткізгісі келетінін мәлімдеген болатын және Фируза Шәріповаға басқа елдің туымен шығу үшін 1 млн доллар ұсынған.

Рахиля Бекназарқызы

Өзгелердің жаңалығы