Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазанда өтіп жатқан кәсіби бокс кешінде қазақстандық Фируза Шәріпова IBA нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта Әлем чемпионы атанды.
Фируза Шәріпова (10-1, 5 КО) танзаниялық Хэппи Даудимен (8-6-1, 4 КО) рингке шықты. Қазақстандық боксшы бәсеке тізгінін бірден қолға алып, соққыларын қарсыласына дәл дарыта білді. Аяғымен де жылдам қимылдаған Фирузаның басымдылығы айқын көрінді. Ақыры оның соққысына шыдай алмаған Х.Доуди бесінші раундта жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша кәсіби боксқа қайта оралған 25 жастағы Физура Шәріпова қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Ол 2019 жылдың сәуірінен бері рингке шықпаған болатын.